Ақмола облысында 12 жастағы қызды 56 және 57 жастағы екі ер адам зорлады
Ақмола облысында 12 жастағы қызға 56 және 57 жастағы екі ер адамға қатысты зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
1967 жылы туған күдіктінің бірі – қыздың анасы тұрған пәтердің иесі. 12 жастағы қыздың сеніміне кіріп, алдап орманға апарған. Артынша, азғындық істеген күдікті жағдайдың ешкімнің құлағына жетпеуі үшін қызды бопсалаған. Егер зорланғанын біреуге айтар болса, үлкен әпкесін де қорлап, бүкіл қалаға жаман аттарын жаятынын айтқан.
Кейінірек ер адам қызға ақша беріп, электронды темекі сатып алып берген. Кейіннен күдікті осы ісі туралы 1968 жылы туған көршісіне баяндаған. Бұл жағдайды пайдаланған көршісі де, жасөспірімді пайдаланған.
Айтуға ауыз бармайтын оқиға туралы қыздың жақындары кездейсоқ қыздың ашық тақырыптағы күдіктілердің бірімен хат алмасуын тапқаннан кейін ғана байқаған.
Жасөспірімнің қазіргі психологиялық жағдайы – мәз емес. Жәбірленушінің отбасы осы жағдайды жасырып жабу үшін ақша ұсынғандардың болғанын айтып шағымданған.
Тергеу Ақмола облысы Полиция департаменті тергеу басқармасына берілді. Құзырлы орган күдіктілердің ешқайсысы ресми түрде құқық қорғау органдарымен байланысты емес екенін атап өтті. бірақ "Не молчи" мәліметтері бойынша құқық қорғаушылар қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысқандарын мәлімдейді.
Соңғы жаңалықтар