Ақмола облысында 8 жасар қыз көлік астына түсіп мерт болды
467
Макинксте Ақмола облысына қарасты Макинск қаласында шетелдік көліктің астына түскен сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Мәскеу көшесінде болған. 2018 жылы туған қыз бала белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған сәтте Mercedes көлігі қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бүлдіршін шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың толық мән-жайын анықтауда.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуды тағы да ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
12:48
«Байлар мемлекеттен көмек алмауы керек»: Бектен...
14.10.2026
12:38
«Сізді сағынатын боламын»: Ақмола облысында 38 ...
14.10.2026
12:36
Алматы облысында үкіммен келіспеген сотталушы с...
14.10.2026
12:14
Атыраудың экс-әкімі Шәкір Кейкінге қатысты қылм...
14.10.2026
11:53
Алматыда 50-ге жуық оқушы ауруханаға түсті: ме...
14.10.2026
11:38
«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткен...