Ақмола облысында әкесі мен баласына найзағай түсіп, мерт болды
504
Қайғылы оқиға 1 маусым күні Ақмола облысының Зеренді ауданында болды, деп хабарлайды Politico.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бар ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы ұлы мал бағып жүрген кезде найзағай түскен. Найзағайдың жарқылы екеуіне де ажал құштырды.
Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Зеренді ауданы тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
– Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, – деп атап өтті ведомстводан.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...