Ақмола облысында әйел өзін балағаттаған күйеуінің мойнына қайшы сұғып өлтірді

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды.
KopSoz.телеграм арнасының хабарлауынша, ер адам жанжал шығарып, әйеліне күш қолданған. Қорғану мақсатында әйел қайшымен оның мойын тұсына соққы жасаған. Ер адам ауруханада көз жұмды.
Әйел кінәсін мойындап, тергеу органдарымен процессуалдық келісімге келді. Марқұмның туыстары кешірім беріп, азаматтық талаптан бас тартты. Сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот процесінде полиция тарапынан әрекетсіздік орын алғаны анықталды. Әйел бұрын бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шағымданғанымен, тиісті шаралар қолданылмаған. Сонымен қатар, оқиға заңсыз пайдаланылып жүрген мемлекеттік пәтерде орын алған. Осыған байланысты полиция мен әкімдікке қатысты жеке қаулы шығарылды.
Соңғы жаңалықтар





