Ақмола облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Ақмола облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты
18.08.2025 09:45
0
138
Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

17 тамызда болған қайғылы оқиға салдарынан жеке рейсті орындап жатқан әуе кемесінің бортындағы екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталуда.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 17 тамыз күні сағат 17:40 шамасында Целиноград ауданы, Төңкеріс ауылының маңында UP-LA229 борттық нөмірі бар Aerostar R40F жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшыраған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ер адам мен әйелдің оқиға орнында тіл тартпай кеткенін растады.

Бұл дерекке қатысты Көлік министрлігінің Оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті арнайы комиссия құрып, апат себептерін анықтау жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалыс немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий