Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол апаты 19 сәуір күні облыстық маңызы бар «Жолымбет–Пригородное» автожолының 5-шақырымында болған.
Полицияның мәліметінше, «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде аса мұқият болуды ескертеді. Сонымен қатар, көліктердің техникалық жағдайын тұрақты түрде бақылау қажет.
Соңғы жаңалықтар