Ақмолада жол апатынан екі көлік өртеніп, бірнеше адам қаза тапты (ВИДЕО)
Астана — Қорғалжың тасжолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы үш көліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға жексенбі түстен кейін болған.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соққыдан кейін екі Toyota көлігі өртеніп кеткен.
«Алдын ала деректер бойынша, жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
20:12
Астана әкімдігі алдында шу шықты: Жекеменшік ор...
04.11.2026
19:17
Екі оқушы да зорлық көрген: Павлодардағы мектеп...
04.11.2026
18:13
«Барни» үшін болған жанжал: 19 жастағы Мадинаны...
04.11.2026
17:20
Боқтық сөздері үшін алматылық сот алдында жауап...
04.11.2026
16:54
Текеліде экскаватор 11 жастағы қызды қағып өлтірді
04.11.2026
16:03
Шымкентте спорт шеберін ұрлап өлтірген 6 адам с...