АҚШ халықаралық көмекті қысқартып, жаңа саясатқа көшті

АҚШ халықаралық көмекті қысқартып, жаңа саясатқа көшті
03.02.2025 13:39
0
278
Ашық дереккөз
Дональд Трамп әкімшілігі USAID-ті қаржыландыруды 90 күнге тоқтатты

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) ауқымды өзгерістердің ортасында қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Дональд Трамп әкімшілігі халықаралық көмекті қаржыландыруды 90 күнге тоқтатып, агенттік қызметі мен шығындарын кең көлемде тексеруді бастады.

АҚШ президенті гуманитарлық бағдарламаларға ғана шектеулі түрде рұқсат берді. Сонымен қатар, агенттік басшылығында кадрлық ауыс-түйістер болатынын мәлімдеп, оның қызметін қазіргі сыртқы саясатпен үйлеспейді деп бағалады.

Бүгінде 60 қызметкер жұмыстан босатылды. Ақ үй олардың қаржыландыруды тоқтату туралы жарлықты айналып өтуге тырысқанын алға тартты.

USAID-пен қатар Мемлекеттік департамент те шетелдік көмекті қайта қарамайынша, жаңа қаржыландыру ала алмайды. 2023 жылы бұл ведомстволарға $64,69 млрд бөлінген болатын.

Бұл өзгерістер АҚШ-тың халықаралық қаржы бөлудің бұрынғы тетіктерін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, USAID арқылы қаржыландырылатын ҮЕҰ мен БАҚ-қа да әсер етуі ықтимал. Ақ үйдің соңғы шешімі қандай болатыны белгісіз, бірақ қазіргі саясат айтарлықтай қатаңдатылатыны анық.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или