АҚШ Израильдің Иранға қарсы шабуылына қосылуы мүмкін – БАҚ

АҚШ әскери күштері Израильдің Иранға бағытталған әскери әрекеттеріне қосылуы ықтимал. Бұл туралы Ynet порталы қауіпсіздік саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Егер Израильдің алғашқы соққылары сәтті болса, АҚШ-тың операцияға қатысу ықтималдығы жоғары болмақ.
"Қауіпсіздік саласындағы дереккөздердің мәліметінше, егер Израиль бастаған әскери операцияның алғашқы кезеңі сәтті жүзеге асса, америкалықтар шабуылдарға қосылады деп күтілуде", – деп жазады Ynet.
13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) "Күн көтерілісі" атты ауқымды әскери операцияны бастады. Бұл операция аясында Израиль ӘӘК Иранның әскери нысандары мен ядролық бағдарламасына қатысы бар объектілерге әуе соққыларын жасауда.
Израиль билігінің мәлімдеуінше, операцияның мақсаты – еврей мемлекетінің өмір сүруіне төнген қауіпті жою. Себебі Израиль әскері мен барлау қызметінің деректеріне сәйкес, Иран ядролық қару жасауда "қайтарымсыз нүктеге" жақындап қалған.
Соңғы жаңалықтар





