АҚШ Құпия қызметі мәлімдеме жасады

24.09.2025 • 11:58 Admin
АҚШ Құпия қызметі мәлімдеме жасады
358
Фото: freepik.com

АҚШ Құпия қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

БҰҰ Бас Ассамблеясының дәстүрлі Жоғары деңгейлі аптасында Нью-Йоркте қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Кеше АҚШ-тың Құпия қызметі қала маңынан күрделі электронды құрылғылар желісін тапқанын хабарлады. 

Мамандардың айтуынша, бұл құрылғылар байланыс жүйелеріне кең ауқымды шабуыл жасауға пайдаланылуы мүмкін. Олар Ассамблея өтіп жатқан аумақтан 56 шақырым жерде шоғырланған. 

Операция барысында билік 300-ден астам SIM-сервер мен 100 мың SIM-карта тәркіледі. 

Войдите, чтобы оставить комментарий