«Ақша бар, талғам жоқ па?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа пәтері желіде қызу пікірталас тудырды
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда жөндеуден өткен жаңа пәтерін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі бұл жолы үйінің балалар бөлмесі мен ас үйін таныстырып, интерьерді минимализм стилінде жасағанын атап өтті. Ашық түстер мен артық жиһазсыз кеңістікке басымдық берілген. Алайда желі қолданушылары бұл дизайнды әрқалай қабылдады. Кейбірі пәтердің қарапайым әрі жинақы болғанын құптаса, енді бір бөлігі интерьерден жылылық пен жайлылық сезілмейтінін айтып, сынға алды.
Пікірлер арасында:
«Ас үйден үйдің жылуы сезілмейді», «Керемет дүние күттік», «Ақшасы бар, бірақ талғам байқалмайды», «Бәрі бір түсте іш пыстырады»
деген сыни көзқарастармен қатар,
«Артық ештеңе жоқ — нағыз минимализм», «Жинақы әрі заманауи»
деген қолдаушы пікірлер де болды.
Осылайша Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа пәтері желіде талғам, стиль және жайлылық тақырыбындағы қызу талқылауға себеп болды.
Соңғы жаңалықтар