«Ақшаны кім ұстайды?»: Кенжебек пен Жәмиляның үйлесімді отбасы үлгісі қандай?
Кенжебек Жанәбілов жұбайы Жәмилямен бірге отбасылық қаржы тақырыбын қозғаған видеосын әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жұп өзара келісім мен сенімге құрылған отбасы үлгісін көрсетіп, бюджетті басқарудағы ұстанымдарын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бейнежазбада барлық қаржылық шешімдер Кенжебекке тиесілі екені айтылады. Ал Жәмиля ханым маңызды таңдауларда ақыл қосып, бағыт-бағдар беріп отырады. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, мұндай рөлдік бөлініс олардың отбасындағы түсіністік пен үйлесімділікті нығайта түскен.
Желі қолданушылары бұл форматты жылы қабылдап, пікірлерін жарыса жазды.
«Әйел бақытты болса, отбасы да бақытты», «Есесіне мен әдемі болып отырам деші», «Осындай отбасым деп жүрген азаматымыз аман болсын», «Қандай мықты отбасы» деген пікірлер көптеп кездеседі.
Кенжебек пен Жәмиляның видеосы отбасылық өмірде бастысы кім басқаратыны емес, өзара сенім мен келісім екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...