"Ақшаның буы бұзды": халық күйеуімен ажырасқан актриса Дариға Бадықова туралы

17.09.2025 11:35
0
327
ашық дереккөз

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуімен не себепті ажырасқаны белгілі болды.

Бұл туралы POLITICO.KZ  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Актрисаның ажырасуына қатысты журналист Ербол Мәндібек өз ойын айтқан.

«Уайымға уайым қосылды. Бүгін түнімен уайымдап ұйықтай алмайтын болдым. Менің сүйікті актрисам күйеуіне дәс-дәс депті.Анау ачау ма, очау ма кім еді? Былтыр сонымен «Сезім үшін» деп әндетіп шыққанда уайымдап едім. Одан кейін кинодан 1 миллиард ақша тауып охранамен көзге түсті. Ақшаның буы бұзбаса екен деп тағы да уайымдадым.Жұдырықтай жүрегім бір жамандықты сезді ма кім білсін. Өзіме бұл актрисаның өнері ерекше ұнайды. Тұнып тұрған талант. Құрғыр ақша кеудесіне нан пісірген сияқты. Сайтан алғыр сайттардан осындай жаңалық оқып омыртқам опырылып, бүйрегім езіліп отыр», — деп жазды ол.

Көпшілік актрисаны осы әрекеті үшін, оны қатаң сынға алған.

«Күйеуің тірегің еді ғой, не үшін ажырастыңдар?», «Ақша бұзады деген адамды осы шығар», «Күйеуімен ажырасу қазір түк те емес болған, әртістерде тіпті», «Сезім үшін» деп жүріп, күйеуінен айырылған» деп жазуда олар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий