АҚШ-та теракт: көлік адамдарды басып өтті, 10 адам қаза тапты
АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында белгісіз қылмыскер теракт жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
New York Post мәліметінше, қылмыскер танымал туристік Бурбон-Стрит көшесінде көлікпен адамдар тобырын басып өткен. Бұл оқиға таңертең жергілікті уақыт бойынша болған. Ең танымал француздық кварталда орналасқан бұл көше барлар мен түнгі клубтарымен әйгілі.
Көлікпен бірнеше адамды басып өткеннен кейін, жүргізуші көліктен түсіп, қарудан оқ ата бастаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оған қарсылық көрсетіп, оқ атқан. Шабуылшы жараланды ма немесе қаза болды ма, бұл жөнінде мәлімет жоқ.
BBC агенттігі бірнеше адамның қаза болғанын және көптеген зардап шеккенін мәлімдеді. Ал CBS полицияға сілтеме жасап, 10 адамның қаза тапқанын және тағы 30 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда осыған ұқсас оқиға Германияның Магдебург қаласында болды. Онда террорист Рождестволық жәрмеңке кезінде көлікпен адамдарды басып, 11 адамның өмірін қиды.
Ақпарат ORDA.KZ сайтынан алынған.