Ақтау маңында құлаған ұшақтан бөгде заттар табылды
Көлік министрлігі 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының Embraer 190 ұшағынан табылған бөгде заттардың суреттерін жариялады, деп хабарлады POLITICO.KZ порталы KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Баку-Грозный ұшағының апатына қатысты тергеу нәтижелері туралы жарияланған алдын ала есепте Тергеу комиссиясы Бразилия Федеративтік Республикасы, Әзербайжан Республикасы және Қазақстан құқық қорғау органдарының уәкілетті өкілдерінің қатысуымен бөгде заттар алынды.
Олар қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Еске салайық, Көлік министрлігі 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан әуе жолдары (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің алдын ала қорытындылары көрсетілген хабарламаны жариялады