Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты ұшқыштардың диалогы жарияланды

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты ұшқыштардың диалогы жарияланды
16.01.2025 12:56
0
892
Ашық дереккөз
Актаудағы апатқа қатысты ресми деректер жарияланбаған

Актау маңындағы ұшақ апатына қатысты ұшқыштар диалогының расшифровкасы желіде жарияланды, бірақ бұл деректерге ресми растама жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, апат себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда. Комиссияның алдын ала есебі жарияланғанға дейін интернеттегі ресми емес деректерге түсініктеме берілмейді.

«Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарына сәйкес, апаттан кейін 30 күн ішінде алдын ала есеп берілуі тиіс», – делінген министрліктің хабарламасында.

Ресейлік Baza басылымы жариялаған ақпаратқа сәйкес, ұшақ пилоттары Ақтауға қону туралы шешімді өздері қабылдаған. Диспетчерлер оларға Грозный мен Махачкала әуежайларын ұсынғанымен, экипаж Ақтауды таңдаған.

Baza деректеріне сүйенсек, экипаж алғаш рет құстармен соқтығысу немесе газ баллонының жарылуы туралы болжамдарды атаған. Алайда, төтенше жағдай жарияланбаған.

Қазақстанның Көлік прокуратурасы:

«Бұл ақпаратты растай алмаймыз да, жоққа шығара алмаймыз», – деп қысқаша мәлімдеді.

Апатқа ұшыраған ұшақ ұшқыштарының келіссөздері

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или