Ақтауда дәрігерлердің әрекетсіздігі салдарынан кішкентай қыз қайтыс болды

Ақтауда дәрігерлердің әрекетсіздігі салдарынан кішкентай қыз қайтыс болды
23.12.2024 16:43
0
88
NUR.KZ / Владимир Третьяков
Ақтау оқиғасы: бала өлімінен кейін ата-ана президентке жүгінді

Ақтауда болған қайғылы оқиға көпшілікті шокқа түсірді. Шыңғысов Ислам есімді азамат жақында кішкентай қызынан айырылды. Дәрігерлердің дұрыс әрекет етпеуінен баланың өмірі қыршыннан қиылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қыздың дене температурасы көтерілген кезде, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер балаға медициналық көмек көрсетпей, жағдайының жақсы болатынын айтып, кетіп қалған. Сол уақытта дәрігерлердің ешқандай әрекетсіздігі салдарынан жағдай нашарлаған.

Қайтадан жедел жәрдем шақырған кезде сол бригада келгенімен, бала осы уақытта өмірмен қош айтысқан. Қазір баланың әкесі осы оқиғаны президенттің бақылауына алуын сұрап, еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін реформалауды талап етіп отыр.

Әрине, бұл оқиға тек Ақтау қаласында емес, жалпы Қазақстанда медициналық қызметтердің сапасы мен дәрігерлердің жауапкершілігіне қатысты үлкен мәселе туындатты. Оған қоса, елде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін халықтан қаражат жиналып жатқанын да ескерген жөн.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или