Ақтаудағы бұрынғы президент резиденциясының орнына не салынбақ?

Ақтаудағы бұрынғы президент резиденциясының орнына не салынбақ?
13.12.2024 15:31
0
49
YouTube/Aktau Caspian Sea
Бұрынғы резиденция аумағының жаңа мақсаты

Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясының орнында стадион, үлкен мешіт, балалар алаңдары және кәсіпкерлік нысандары салынады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, 225 гектар аумақта 10 мың орындық стадион, үлкен мешіт және балалар алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар, жағалауда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған нысандар да салынбақ.

"Бұл аумақ қаланың бас жоспарына енгізілген, қазір келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындау кезеңдері жүріп жатыр. Самал ықшамауданындағы бұл жер 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын аумақтың бағалау құны шамамен 1 млрд теңге болған", – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай бұған дейін урбанистикалық даму жоспарын отандық және шетелдік жобалау компанияларының қатысуымен талқылаған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудың бас жоспарын қайта қарап, жағажай туризмін дамытуға баса назар аударуды тапсырған.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или