Ақтөбе облысында әскери бөлім басшысы өз-өзіне қол жұмсады
981
Ақтөбе облысында Ырғыз аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы қайтыс болды
Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақтөбе облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің уақытша басшысы, подполковник Рустем Таласовтың айтуынша, оқиға 8 желтоқсанда орын алған. Қайғылы жағдай қызметтік орында тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға әскери қызметке байланысты емес.
«Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында қызмет өткеру орны бойынша Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала ақпарат бойынша, болған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес», – деді Рустем Таласов.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жағдайдың толық мәліметтері алдағы уақытта жарияланады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...