Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулатория салынды

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулатория салынды
10.10.2025 12:38
0
49
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік нысан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңсыз иемденілген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған.

Жаңа амбулатория бір ауысымда 45 адамды қабылдауға есептелген және заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға, емдеуге және тексеруге арналған бөлмелер қарастырылған.

Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыс Президенттің бастамасымен қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүргізілді.

Жалпы Ақтөбе облысында қайтарылған активтер мен Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен ауылдық денсаулық сақтау саласында 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда оның төрт нысаны пайдалануға берілсе, жетеуінің құрылысы жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий