Ақтөбелік кафеден 1 080 000 теңге өндіріп алды

Ақтөбелік кафеден 1 080 000 теңге өндіріп алды
24.01.2025 11:23
0
56
Ашық дереккөз
Ақтөбеде дөнерден темір шыққан әйел сотта жеңіске жетті.

Ақтөбелік тұрғын қала орталығындағы кафенің иесін сотқа беріп, 1 080 000 теңге өтемақы алуға қол жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Тұрғынның айтуынша, ол ұлымен бірге кафеға барып, жасымық сорпасы мен дөнерге тапсырыс берген. Алайда, дөнердің ішінен ұзындығы 2 сантиметрлік темір сынығы шығып, оның тісіне зақым келтірген.

«Клиент директорды шақыруды сұрағанымен, қызметкерлер бұл өтінішті орындамаған. Кафенің әкімшісі болған жағдай үшін тек пирожный ұсынумен шектелген. Мұндай қарым-қатынас клиенттің ашуына тиген», – деп жазылған сот материалдарында.

Үйіне қайтқан әйелдің қызыл иегі ісіп, тіс дәрігеріне жүгінуге мәжбүр болған. Дәрігер тісті жұлып, имплант қоюды ұсынған. Бұл қызметтер үшін 680 мың теңге қажет болған. Сонымен бірге, әйел моральдық зиян үшін қосымша 600 мың теңге талап еткен.

Сот істі қарап, әйелдің тісін жоғалтқанын, физикалық және моральдық ауыртпалықты бастан өткергенін растады. Нәтижесінде, кафенің иесіне 680 мың теңге материалдық шығын және 400 мың теңге моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді міндеттеді.

Ақпарат diapazon.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или