Ақтөбеде 9 жастағы қызды құтқарамын деп өлім құшқан ер адам туралы тың дерек шықты

Ақтөбеде 9 жастағы қызды құтқарамын деп өлім құшқан ер адам туралы тың дерек шықты
20.06.2025 10:12
0
133
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында еркін күрес тренері 9 жасар қызды құтқарамын деп қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұған дейін Байғанин ауданы Жарлы ауылында қоқыс қалдығы бар құдыққа құлап кеткен 9 жасар қыз бен оны құтқармақ болған 37 жастағы ер адам қаза тапқан еді.

Ұзақ жыл бойы еркін күрес секциясын басқарған Нұрбол Бердығалиев жергілікті тұрғындар мен жас спортшылар арасында сыйлы болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 жастағы қыз шамамен сағат 22:00-де жеке үйдің ауласында орналасқан, пайдаланылмайтын ескі құдыққа түсіп кеткен. Тереңдігі шамамен 10 метр болатын құдық ұзақ уақыт қолданылмаған, ішіне қоқыс толып, үсті тақтай мен дөңгелекпен жабылған.

Қызға көмектеспек болған көршісі Нұрбол Бердіғалиев құдыққа түсіп, қайта шыға алмай қалған. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның өліміне улы газдан улану себеп болған. Құтқарушылар екеуін де ес-түссіз күйде сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, екеуін де аман алып қалу мүмкін болмады.

 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий