Ақтөбеде жалған адвокат 10 миллион теңге жымқырған
10 миллион теңге жымқырған күдікті қамауға алынды
Ақтөбеде 26 жастағы ер адам жалған адвокат ретінде 22 тұрғынды алдап, 10 миллион теңге көлемінде ақша жымқырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қалалық полицияға құқықтық көмекке жүгінген азаматтардан шағым түскен. Олардың айтуынша, күдікті өзін адвокат ретінде таныстырып, заңдық қызмет көрсету сылтауымен ақша алып, уәдесін орындамаған.
«Адвокат қызметіне ақы төлеген азаматтар ешқандай көмек алмаған. Қазіргі уақытта 22 жәбірленуші анықталды, жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрайды», – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің өкілдері.
Полицейлер 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпарат diapazon.kz сайтынан алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...