Ақтөбеде әжесі мен немересін көлік қағып кеті: әжей көз жұмды
Ақтөбеде 65 жастағы әйел мен оның 9 жасар немересін көлік қағып кеті, деп хабарлайды Диапазон.
Кеше, 3 қыркүйекте Ақтөбе қаласының орталығында жол-көлік оқиғасы болып, 65 жастағы әйел мен оның 9 жастағы немересін көлік қағып кетті. Ауруханаға жеткізілген әйел алған жарақаттарынан көз жұмды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кешкі сағат 18:10 шамасында Әлия Молдағұлова даңғылында болған. «Lada-21901» көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 65 жастағы әйел мен оның 9 жастағы немересін қаққан.
Полиция қызметкерлері бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Автокөлік қазір коммуналдық тұраққа қойылған.
Оқиғаның куәгері болған әйел өзінің Instagram парақшасында оқиғаның қорқынышты болғанын айтып, жүргізушілерді жолда абай болуға және жылдамдықты асырмауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...