Ақтөбеде батутта секірген 8 жастағы бала мүгедек болып қалды

09.01.2026 16:31 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ақтөбеде батутта секірген 8 жастағы бала мүгедек болып қалды
0
561
Фтто:Getty Images

Ақтөбеде батут паркінде болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 8 жастағы бала өмір бойына әсер ететін ауыр зардап алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай 2024 жылы болғанымен, осы уақытқа дейін баланың анасы сот арқылы әділдікке қол жеткізуге тырысқан.

Өңірлік «Диапазон» порталының хабарлауынша, оқиға кезінде бала батут паркінде ойнап жүріп, биіктіктен секірген. Алайда ол ауа шығып кеткен матрацқа емес, тікелей еденге құлаған.

Оқушы ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, оған бірнеше сүйек сынуы диагнозы қойылған. Дәрігерлер сүйегіне темір спица салған. Алайда біраз уақыттан кейін баланың жағдайы күрт нашарлап, ол комаға түскен.

Кейін қайта операция жасалып, сүйек буынына темір штырь бекітілген. Осыдан кейін бала отырып-тұра алмай, жүре алмай қалған. Ауруханадан шыққан соң оның ауырсынуы күшейіп, түнде ұйықтай алмайтын жағдайға жеткен.

Бұдан кейін тағы бір операция жасалып, баланы Астанаға апарған. Ондағы дәрігерлер штырьдың бұлшық етті жырып, сыртқа шығып кеткенін, соның салдарынан баланың жан төзгісіз ауырсынуға ұшырағанын анықтаған. Темір алынып, оның орнына Илизаров аппараты орнатылған.

2025 жылдың қаңтарында балаға үшінші топтағы мүгедектік берілген.

Айта кетерлігі, полиция бастапқыда қылмыстық іс қозғағанымен, кейін оны жабып тастаған. Тергеу органдары баланың жарақатты өз абайсыздығынан алған болуы мүмкін деген қорытындыға келген.

Сот батут паркін баланың отбасына 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеген. Алайда анасы бұл шешіммен келіспей, апелляцияға жүгінген. Нәтижесінде апелляциялық сот моральдық өтемақы көлемін 7 миллион теңгеге дейін арттырды.

Бұл оқиға ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік талаптарының қаншалықты маңызды екенін және салғырттықтың қандай ауыр салдарға әкелетінін тағы бір рет көрсетті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий