Ақтөбеде оқушыны пәтерінде зорлаған педагог сотталды

19.06.2026 17:22 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ақтөбеде оқушыны пәтерінде зорлаған педагог сотталды
309
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды пәтеріне шақырып зорлаған педагог 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұл іс жабық режимде қаралды. Сот материалдарына сәйкес ер адам қызды өз пәтеріне шақырған. Алғашында екеуі өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен көрінеді.

Біраз уақыттан соң ер адам жасөспірімді жібермей күш көрсете бастайды. Ол қыздың қолдарынан қысып, күштеп шешіндіріп, еркінен тыс зорлық әрекеттерін жасаған.

Сот процесінде прокурор айыпталушыны 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің берген жауаптары мен сараптама қорытындылары қылмысты толық дәлелдеп шықты.

Нәтижесінде ол Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл заң нормасы кәмелетке толмаған адамды күш қолданып, дәрменсіз күйде зорлау қылмысын қарастырады.

«Сот сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды», – делінген іс құжаттарында.

Сонымен қатар сотталушы өмір бойына педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

Войдите, чтобы оставить комментарий