Ақтөбеде тағы бір ауылды су шайып кетті
765
Ақтөбе облысы Қобда ауданында ауыл жолын су шайып кетіп, көлік қатынасы уақытша тоқтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желідегі batyr_bloger парақшасының мәліметінше, Қобда ауданының Қанай ауылына апаратын 3 шақырымдық жол су астында қалған. Қазіргі уақытта оқиға орнына қажетті техника мен мамандар жіберіліп, жағдай бақылауға алынған.
Су деңгейі төмендегеннен кейін жол қатынасы қалпына келтірілмек. Ал Ойыл ауылының тұрғындары үшінші тәулік қайықпен қатынап жатыр. Құтқарушылар осы уақытқа дейін су көлігі арқылы 350-ге жуық адамды тасымалдаған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...