Ақтөбедегі 16 жасар жасөспірім анасы мен әжесін не үшін аяусыз пышақтағаны белгілі болды

Ақтөбедегі 16 жасар жасөспірім анасы мен әжесін не үшін аяусыз пышақтағаны белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде 2 желтоқсанда болған ауыр оқиғаға байланысты  маңызды дерек шықты,деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Полиция қаладағы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар әйелдің денесін тапты. Сол жерден 71 жастағы әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

16 жастағы жасөспірім үлкендер телефон қарауға тыйым салған соң, қолына пышақ алған.Бұл уақытта әкесі үйде болмаған.

Жасөспірім жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалар құқықтарын қорғау департаменті оқиғаны растап, отбасы бұрын «берекелі» деп есептелгенін айтты.

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу