Ақтөбелік ер адам көршісінің үйінен халатпен келген әйеліне пышақ сұғып алған
Ақтөбеде мас күйінде 41 жастағы жұмыссыз ер адам таңертең көршісінің үйінен тек халатпен келген әйелін қызғанып, пышақ сұғып алған, деп хабарлайды POLITICO «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, ер адам алдымен әйелінің бетінен ұрған. Қорыққан келіншек ас үйдегі пышақты қолына алған. Алайда күйеуі пышақты жұлып алып, әйелінің ішіне сұғып алған. Келіншек ауруханаға түскен.
Сондай-ақ сотта ерлі-зайыптының көршісінен де жауап алынды. Сотта көрші ол екеуі түнде бірге бір бөтелке арақ ішкенін, содан кейін әйел үйіне кетіп қалғанын, арасында басқа ештеңе болмағанын растады.
Сотта айыпталушы әйелінен кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Оның бұрын да бірнеше рет сотты болғаны анықталды. Сот үкімімен ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...