"Араласпаймын". Атыраудағы резонансты іске күдікті Сәрсемәлиевтің ағасы сұхбат берді

10.01.2026 17:06 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1650
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты резонансты іс аясында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевтің ағасы алғаш рет інісі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Politico.kz Stan.kz-ке сілтеп.

Күдіктінің ағасы Думанның айтуынша, ол Сұлтанмен 2024 жылдан бері тығыз қарым-қатынаста болмаған. Інісін соңғы рет 2025 жылдың жаз айларында көргенін айтады.

«Інім момын, өзімен-өзі жүретін, көпшілікпен араласа бермейтін адам еді. Біз отбасында төрт ағайындымыз. Сұлтан әйелі мен бес баласымен ата-анамыздың қолында тұрды. Анамның айтуынша, желтоқсан айының басында келінін емдетемін деп жолға шыққан. Өзбекстанға, Ташкентке апарамын деген. Бұдан басқа ештеңе білмеймін. Өзім бөлек тұрамын», – дейді Думан.

Оның сөзінше, келіні босану кезінде ауыр хәлге түсіп, 21 күн бойы комада жатқан. Кейін есін жиғанымен, денсаулығы толық қалпына келмей, ұзақ уақыт сырқаттанып жүрген. Думан інісінің жоғалып кеткенін тек ел ішінде шу шыққан соң ғана білгенін айтады. Қазіргі таңда Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласы әжесінің қамқорлығында.

«Бұл жағдайды мен де басқалармен бірге естідім. Қазір бес бала анамның қарауында. Келін ауырып қалған соң, балаларға қарауға шамалары келмеді. Сол себепті бәрін анамыз бағып отыр», – дейді ол.

Сондай-ақ Думан інісінің нақты қайда жүргенінен бейхабар екенін жеткізді.

«Қайда екенін мен де білмеймін. Әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр, “хакер айтты” деген әңгімелер бар. Мүмкін сол айтылған жақта жүрген болар, бірақ нақты білмеймін. Бұрын мұндай жағдай болмаған. Ата-енесімен қарым-қатынасы қандай болғанын да айта алмаймын», – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий