"Араласпаймын, жек көремін...": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жан сырын ақтарды

18.12.2024 10:03
0
239
әлеуметтік желі

Танымал әзілкеш, актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Шаншар театрының 30 жылдық мерейтойына арнайы шақырту алғанын мәлімдеді. Ол "1001 түн" бағдарламасында  бұл сәтті ұзақ күткенін айтты.

Әзілкеш халықтың қошеметіне бөленгеніне дән риза.

”Ішімдегіні айта алмаймын. Қазір қатты жылап қаламын. Мен 15 жыл үзілістен кейін театрға келдім. Бірінші Шымкенттегі концертте мен күтпедім, екінші концертте қатты күттім халықтың қолдауын. Үшінші концертте дайын боп бардым. Залдағы барлық адамды қатты құшақтағым келді. 15 жыл бұрын бір-бірімізбен келіспей, ренжісіп, ара екіге бөлінді. Қазір қарасам, сол реніштер халықтың қошеметінің қасында түк емес екен. Араласпаймын, жек көремін деп жүргеннен не пайда? Уәкең екеуміз үш күннен бері бір-бірімізге қарасақ жылап қалардай боп жүрміз”,- деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или