"Әркімнің жеке таңдауы": Айгүл Иманбаева Алтынай Жорабаеваның тойына неге шақырмағанын айтты
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаеваның қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі Алтынай Жорабаеваға ешқандай өкпесі жоқ екенін айтып, әріптесін әрі сыйлайтынын жеткізді.
"Алтынай Жорабаева ең әуелі менің әріптесім және баламның қарындастарының анасы. Өзін де, өнерін де құрметтеймін. Тойға шақырту алмағаныма еш ренішім жоқ. Әркім өз қуанышына кімді шақыратынын өзі біледі, бұл – әр адамның жеке таңдауы. Мүмкін ішкі ойы, мүмкін маған деген өзіндік көзқарасы себеп болған шығар. Ол жағын білмедім. Көрген жерде сәлеміміз түзу, сыйластығымыз орнында. Тек жақсылық тілеймін!", – деді Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ әнші араға от салуға тырысатындарға үндеу жасап, мұндай артық әңгімелерді тоқтатуға шақырды.
"Екі өнер адамынан жау жасаудың қажеті жоқ. Бізді араластырып, жарыстырып, шоу жасауға тырыспаңыздар. Ондай деңгейден өтіп кеткенмін. “Кезінде құшақтасып жүрдіңіздер ғой” деп мін іздеудің де керегі жоқ. Иә, өмірдің ол кезеңдерінен де өттік, өту керек болды. Бұл тақырыпты осымен жапқанымыз дұрыс болар. Мен тек ізгілік пен бақыт тілеймін", – деп түйіндеді өнерпаз.
Соңғы жаңалықтар