«Арланбайды»: Ақбота Керімбекова блогер Мұрат Әбділдәні сынады
416
Танымал әнші Ақбота Керімбекова үлкен мәдени орында ән салған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әділданы сынады.
Өнер иесі Республика күніне орай өткен концертте Мұрат Әбілданың ән айтуы сорақылыққа жатады деп есептейді.
“Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Мұрат Әбілда деген адамның Республика сарайында ән салып тұрған видеосы тарады. Ойлаңызшы, Республика сарайында. Еліміздің тарихи-мәдени маңызды нысанында! Қазақтың мыңдаған таланты сол сахнаға шығуды армандаған, мыңдаған дарынды қазақ сол сахнаға шыға алмай, арманда кетті. Ол жігіт елдің азы мен тозы емес шығар, оның адами кескін-келбетіне тілімді тигізе алмаймын. Бір жағынан қарағанда оның Республика сарайында ән салғаны қылмыс та емес шығар. Менің айтарым басқа”, – деп бастады әңгімесін әнші.
Әншінің сөзінше, желі арқылы танылған блогер-әншінің мәдени орында төбе көрсетуі әбестік көрінеген.
“Республика сарайының сахнасы Роза Бағланова секілді аңыз адамның маңдай терімен салынған. Ол сахнаға шығу үшін бізден мың есе лайық әрі таланттырақ адамдар тағдырын арнады ғой, біздің өзіміз музыка мектебінде оқып, өнер академиясында кәсіби дағдымызды қалыптастырып, 30 жылға жуық тынымсыз еңбек етіп келе жатсақ та, тіземіз дірілдеп, зорға шығамыз. Енді сол ұлттық мінберге шыққысы келгеннің бәрі шыға бере ме?! Осы шенеуніктер өздеріне келгенде құқық талап еткіш, ар сақтағыш, дәл солай неге мемлекеттің бас сахнасын сақтамайды?! Әріптестеріміз де үнсіз отыр. Сахнаға қоймен шығарса, маңырап тұра беретіндей. Арланбайды. Мәдениет саласының ары да, намысы да – сахна. Сахнаға шығарған адамына, сахнада көрсеткен дүниесіне қарап саланың деңгейін көруге болады”, – деп ренжіді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар
23.08.2026
15:41
«Санкт-Петербург» деп жартасты бояған ресейлік ...
23.08.2026
15:41
«Назарбаевский системаны қолдаймын»: Данияр Еле...
23.08.2026
14:58
Тоқаев телефонды TikTok үшін емес, ақша табу үш...
23.08.2026
14:40
Назарбаев Құрылтай сайлауына үйден дауыс берді
23.08.2026
14:31
Құрылтай сайлауында сағат 14:00-де 6,69 млн ада...
23.08.2026
14:14
«Қазақтың дәстүрінде мұндай болмаған»: Тоқаев қ...