Арман Шораев қамауға алынды

08.09.2026 12:38 Әсел МҰРАТ
Арман Шораев қамауға алынды
324
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұрғын 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облысында әлеуметтік желідегі жарияланымы үшін тұрғынға қатысты сот шешімі шықты. Оқиғаға әлеуметтік желіде жарияланған, балағат сөздер кездесетін жазба себеп болған. Бұған дейін Шораев аталған материалды өз парақшасында бөліскені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін өзі де мәлімдеген еді.

Осы істің мән-жайын білу үшін Ақмола облысы полиция департаменті сұрау жолдадық.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде осы жазбаны назарға алған. Жинақталған материалдар негізінде азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалған.

«Ақмола облысының тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданылған жазбасы үшін әкімшілік қамауға алынды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері балағат сөздер кездесетін жарияланымды анықтаған. Осы дерек бойынша сот қаулысымен тұрғынға 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», - деп хабарлады полиция тілшімізге.

Войдите, чтобы оставить комментарий