Әрқашан бәріне ыңғайлы болуға тырыстым – Тәуекел Мүсілімнің жұбайы

Әрқашан бәріне ыңғайлы болуға тырыстым – Тәуекел Мүсілімнің жұбайы
21.04.2025 21:01
0
151
Фото: instagram.com/mussilim

Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат әлеуметтік желіде өзі туралы бірнеше шынайы дерекпен бөлісті. Ол әрдайым басқаларға қолайлы болуға тырысқанын және өз дене пішініне ешқашан мән бермегенін ашық жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Instagram парақшасында жарияланған жазбасында Махаббат Мүсілім 7 жыл бойы медициналық университетте білім алғанын, алайда мамандығы бойынша жұмыс істемегенін айтты. Себебі тұрмысқа шығып, отбасы құруды таңдаған. Бүгінде ол – үш ұлдың анасы.

«Алғашқы қалта ақшамды мектеп кезінде таптым, студент кезде де жұмыс істедім. Ешқашан жанжал шығарып, төбелесіп көрмеппін. Микрофоннан, көпшіліктің алдында сөйлеуден қорқамын. Жыл өткен сайын ішкі әлеміме үңіліп, интровертке айналып бара жатырмын», – дейді ол.

Махаббат намаз оқи бастағанына 1,5 жыл болғанын, еркін уақытында кітап оқып, кофе ішіп, мысықты сипап отырғанды жақсы көретінін де жасырмады.

«Тәтті мен ұн тағамдарын жақсы көремін. Салмақ пен дене бітімге ешқашан қатты көңіл бөлмедім. Әрқашан бәріне ыңғайлы болуға тырыстым. Реніштерімді ішке жасырып келдім. Бірақ бұл жағдай да мезі қыла бастады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Махаббат өзінің үйде дүниеге келгенін және ата-анасының жас айырмашылығы 16 жыл екенін де ашық айтты.

Желі қолданушылары оның шынайылығына тәнті болды:

«Сіз сондай нәзік жансыз», «Сіздің шынайылығыңыз көрініп тұр», «Фигураңызға қарап, диета ұстайды деп ойлаппын», «Жақсы қыз екенсіз» – деп пікір қалдырды олар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий