"Артық майың бар екені анық": Танымал бағдарлама қатысушылары тағы не бүлдірді?

Еліміздегі белгілі бағдарлама қатысушылары жобаға жаңадан келген артық салмағы бар қызды мазақ етті.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Эфир барысында басқа қатысушылар тарапынан оның сырт келбеті мен дене бітіміне қатысты қорлайтын пікірлер мен кемсітетін әзілдер айтқан.
Бағдарлама қатысушысы оған «артық майың бар екені анық», «еркек адамға ұнау үшін, тұрмысқа шығу үшін саған шынымен арықтау керек сияқты», «әдемі қыздар қасында әрдайым онша емес қыздарды ертіп жүреді. Малика, сен сондықтан жалғызсың», — деп пікір білдірген.
«Бізде мұндай шоу мемлекеттік арнадан шығып жатқаны рас па? Бұл дегенің нағыз буллинг қой», — деп жазды журналист Козачков.
Соңғы жаңалықтар





