Арықтап кеткен Алтынай Жорабаева жұртты тәнті етті

Арықтап кеткен Алтынай Жорабаева  жұртты тәнті етті
30.06.2025 17:36
0
158

Танымал әнші Алтынай Жорабаева Instagram желісіндегі парақшасында жарқыраған кешкі көйлегімен түскен суретін бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«СЕН ЖАРҚЫРАУҒА ЛАЙЫҚСЫҢ!» деген ұранмен жарияланған сурет астына оқырмандардан ондаған пікір жауды. Желі қолданушылары:

«Тфу тфу, әдемісіз. Көйлекті әдемі қып тұрған сізсіз ғой»,

«Қалай қартаймайсыздар, біз қартайып барамыз ғой»,

«Алтынай, сіз супер арықтапсыз!»,

«Керемет көрініп тұрсыз! Құдды бір Алтынайлардың бәрі әдемі сияқты»,

«Қалай арықтадыңыз? Тек сұлу емес, нәзік әрі көрікті болып тұрсыз!» — деп тәнтіліктерін білдірді.

Бір оқырман тіпті: «Түсімде сізді көрдім, ұл бала туыпсыз. Кәдімгідей шын сияқты екен...» деп ерекше пікір қалдырған.

Кейбір желі қолданушылары көйлекті сатып алу немесе жалға алу мүмкіндігін сұраса, енді бірі Алтынайдың табиғи даусын, оркестрмен айтатын әндерін еске алып, ерекше құрметін білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий