Арыста мас әйел екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді: оқиға бойынша тың дерек шықты
Арыс қаласындағы жантүршігерлік жол апаты бойынша Түркістан облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Арыс қаласында JAC көлігінің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, қашып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген полиция хабарламасында.
Оқиға орнында үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды. Зардап шеккен 2 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
Бұған дейін журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арансында Түркістан облысының Арыс қаласында көлік тізгіндеген әйел тұрғын үйдің қоршауына соғылып, есік алдындағы орындықта отырған 4 адамды қағып өлтіргенін жазған болатын.
Соңғы жаңалықтар