Арыста мас әйел көлікпен екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді
2175
ЖАЛҒАСЫ
Түркістан облысының Арыс қаласында көлік тізгіндеген әйел тұрғын үйдің қоршауына соғылып, есік алдындағы орындықта отырған 4 адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Politico.kz порталы Kozachkov offside телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметіне сүйенсек, оқиға салдарынан 4 адам көз жұмған. Қаза тапқандардың қатарында 2 кішкентай бала мен 1 жүкті әйел бар. Сонымен қатар ауыр жарақат алған тағы 2 тұрғын ауруханаға жатқызылды.
Сараптама қорытындысы рөлде болған Бибінұр Қасымованың ішімдік ішкенін растады. Ол негізінен мектепте жұмыс істейді, ал бос уақытында такси жүргізушісі болып қосымша табыс табады.
Енді бұл оқиға абайсызда жасалған қылмыс ретінде сотта қаралады. Заң бойынша оған ең көбі 10 жылға дейін түрме жазасы кесілуі мүмкін. Бірақ тараптар өзара татуласса, жүргізуші 7 жыл алып, 2-3 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы да әбден ықтимал.
Соңғы жаңалықтар
06.09.2026
17:17
Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын...
06.09.2026
16:22
Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан...
06.09.2026
15:18
Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе ж...
06.09.2026
14:14
Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында көлік ек...
06.09.2026
13:19
Путин Киевке соққы беруді тоқтатты: Мәскеудегі ...
06.09.2026
12:27
Алматыда дүкендегі жанжал төбелеске ұласып, ер ...