Аша Матай мен Тамара Асар депутат бола алмады
1839
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сайлаушылар тізіміндегі 12,6 миллионнан астам азаматтың 9,3 миллионы (74,08%) дауыс беруге қатысқан. Ресми мәлімет бойынша саяси партиялар мынадай нәтиже көрсетті:
- «Әділет» партиясы — 71,17% (6 528 948 дауыс);
- «Ауыл» партиясы — 6,26% (574 621 дауыс);
- «Respublica» партиясы — 5,56% (509 631 дауыс);
- «Ақ жол» партиясы — 5,21% (478 083 дауыс);
- ЖСДП — 5,11% (469 058 дауыс);
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 3,11% (285 395 дауыс);
- «Байтақ» партиясы — 1,07% (97 751 дауыс);
- «Бәріне қарсы» — 2,51%.
Сайлау заңнамасына сәйкес, мандат бөлісіне тек 5 пайыздық шектік межені еңсерген ұйымдар ғана қатысады. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) 3,11% дауыспен бұл межеден өте алмай қалды. Осыған байланысты аталған партияның тізімінде болған танымал тележүргізуші Аша Матай мен әнші Тамара Асар Құрылтай депутаты бола алмайтын болды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...