АШМ-нің субсидияларға жүргізілген аудит қорытындыларына қатысты түсініктемесі жарияланды

АШМ-нің субсидияларға жүргізілген аудит қорытындыларына қатысты түсініктемесі жарияланды
11.12.2024 19:40
1
27
АШМ

2022-2023 жылдар аралығындағы талданған кезеңде аудит арқылы 943 млрд теңге қамтылды, ал қаржылық бұзушылықтар 2 млрд теңге мөлшерінде анықталды, бұл жалпы соманың 0,2%-ын құрайды. Бұл субсидиялау жүйесінің жалпы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Қаржылық бұзушылықтар бойынша қаражат толықтай қалпына келтірілді.

Жоғарғы аудиторлық палатаның ауыл шаруашылығы кешенінде 142 млрд теңге субсидия тиімсіз пайдаланылды деген қорытындысына байланысты, бұл қаражаттың құс етін өндіру шығындарын арзандатуға, ірі қара мал (ІҚМ) мен ұсақ мал (ҰМ) аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстарына және сақтандыру субсидиясына жұмсалғанын, олардың тиімділігін дәлелдегенін хабарлаймыз.

Құс еті бойынша:

Аудиторлар 2022-2023 жылдары құс етін өндіру шығындарын арзандатуға бөлінген 34 млрд теңгенің тұтынушылар үшін өнім құнының төмендеуі мен ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуге экономикалық әсері болмағанын атап өтті.
Алайда субсидиялар құс етін өндіру шығындарын төмендету, яғни импорттаушылар басымдыққа ие нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін беріледі. Қазақстандық өндірушілердің барлық сауда желілерінде, нарықтарда болуы – қазақстандық өнім үлесінің артып келе жатқанын және субсидиялардың тиімділігін көрсетеді. Соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік 18%-ға төмендеді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықты қамту 73%-ды құрады, ал өндіріс өсімі бір жылда (2022-2023 жж.) 16%-ға жетті. Сонымен қатар қазақстандықтар мұздатылған тауық етін азайтып, жаңа салқындатылған құс етін тұтынуға көбірек көшті. Биыл (9 айдың қорытындысы бойынша) Қазақстан құс етін 10 мың тоннаға аз импорттап, 10 мың тоннаға көп экспорттады. Бұл саланың біртіндеп дамып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі күшейіп жатқанын көрсетеді.

ІҚМ мен ҰМ аналық басына селекциялық-асылдандыру жұмыстары бойынша:

Бұл субсидия түрі жылдар бойы малдың орташа тірі салмағының артуына ықпал етті. Мысалы, ІҚМ-ның орташа тірі салмағы 380-400 кг болса, субсидия алатын ұйымдасқан шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 500+ кг-ға жетеді. Субсидия енгізілмей тұрып, бұл көрсеткіш 240-260 кг шамасында болған. Бұл өсім айқын.

Бұл субсидия жылдар бойы асыл тұқымды малға сұраныс тудырып, ет шаруашылығы өндірісінің бүкіл тізбегін дамытуға серпін берді. Асылдандыру субсидиялары – ең кең таралған мемлекеттік қолдау түрі, оны негізінен ұсақ шаруа қожалықтары, яғни 20 мыңнан астам шаруашылық алады. 2022-2023 жылдары бұл бағытқа жалпы 66 млрд теңге жұмсалды.

Ауыл шаруашылығы сақтандыруы бойынша:

Сақтандыру субсидиялары тиімсіз деп танылды, өйткені бюджет қаражаты шоттарда болған, сондай-ақ қалдықтар бар. Бірақ сақтандыруды субсидиялау шығындарды өтеу емес, олардың бір бөлігін қаржыландыру принципіне негізделген. Сондықтан қаражат шоттарда болуы керек, ал сақтандыру компаниялары осы қаржыға сүйенеді. Бұрын бөлінген қаражат (қалдықтар) 2024 жылы толық игерілді. 2024 жылы шамамен 0,5 млн гектар сақтандырылды, ал фермерлердің өтініштері бұдан 3 есе артық болды (1,5 млн гектар). 2025 жылы сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға 10 млрд теңге қажет, бұл егістік жерлердің 20%-ын сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді.

«Жоқ фермерлер» туралы:

Субсидия алған шаруашылықтар АӨК қызметіне жатпайтын ЭҚЖЖ көрсеткен деп болжанған. Алайда өсімдік шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау ережелеріне сәйкес, ЭҚЖЖ көрсету талабы жоқ. Өсімдік шаруашылығы саласында субсидия алудың негізгі шарттарының бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы. Яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі осындай шаруашылықтың осы жерлерде қызмет ету құқығын растайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жоқтығы туралы айыптар (40 субъект бойынша) жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтерімен расталмады. Аудиторлық есепте көрсетілген тұлғаларда «шаруа қожалығын жүргізу» немесе «тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу» мақсатындағы ауыл шаруашылығы жерлері тіркелген.

Субсидиялау механизмі:

АӨК субсидиялау шығындарды өтеу принципіне негізделген. Яғни фермер алдымен шығындарды өзі төлейді, содан кейін субсидия түрінде өтемақы алады.

Пікірлер (1)
    Andrea 2024-12-12 02:46
    Hi,

    There's no denying that the new AI technology is a game-changer for every online business.

    However, it's not been especially easy to implement and use the AI for all the things you could be using it for... until now!

    Check out this new dashboard to make it easy: https://www.goldtip.shop/gptdash

    This dashboard is designed to help you create content with ease. With just a few clicks, you can:

    - Do research
    - Write blog posts
    - Write emails
    - Write social media posts
    - Write product reviews
    - Write sales letters
    - Write video scripts
    - Generate original images

    Fully-Undetectable AI Content!

    And the best part? You don't need to have any special skills or writing ability to use it.

    GPTDash was created by top-notch internet marketers and copywriters who understand how to get the best results from the AI engines. So instead of worrying about the right prompts, just enter a few keywords, and let the engine do all the "work" for you.

    With GPTDash, you'll be able to get more work done and make more while working less. So why wait? I recommend grabbing this today: https://www.goldtip.shop/gptdash

    Take advantage of the special launch offer today before it expires.

    Sincerely,

    Andrea Johnson



    UNSUBSCRIBE: https://www.goldtip.shop/unsubscribe/?d=politico.kz
    Address: 144 Don Jackson Lane
    Brighton, MI 48116
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или