Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркияға барды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әуежайда Мемлекет басшысының құрметіне құрмет қарауылы сап түзеді.
Тоқаевтың Түркияға ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды.
Айта кетейік, ресми сапар 28–30 қазан аралығында өтеді. Оның аясында екі ел басшылары стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылап, сондай-ақ 30 қазанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...