Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды

09.11.2025 14:55 Айсұлу Мұрат
Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды
0
145
әлеуметтік желі

Түркияда ем қабылдаған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаянның қазіргі жағдайы тұрақты.

"Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін Ербаян қайтадан Стамбулға барып, емнің реабилитациялық бөлігін жалғастырады", – деп мәлімдеді ол.

Заңгер сарбаздың шетелде ем алуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен ұшу мәселесін шешуге атсалысқан генерал Қайрат Үмбетовтің қолдау көрсеткенін атап өтті.

"Екі рет шетелде ем алу – үлкен еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі. Алайда жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бұл – дәрігерлер күтетін де, біз түсінетін де процесс. Соған қарамастан, Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр. Оған осы жолда сіздердің қолдауларыңыз күш беріп келеді", – деді Инга Иманбай.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар 2 қыркүйекте екінші кезеңдегі емін алу үшін ата-анасымен бірге Ыстанбұлға ұшып кеткен болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий