Астанада LRT салып жатырған қытайлықтардың жағдайы белгілі болды

Астанада LRT салып жатырған қытайлықтардың жағдайы белгілі болды
15.07.2025 09:12
0
774
Коллаж POLITICO.KZ

Астана LRT-сін салатын қытайлықтардың өмірі

TikTok желісінде Астанадағы LRT құрылысында еңбек етіп жүрген қытайлық жұмысшылардың видеосы кең тарап жатыр.

Бейнежазбада қытайлық құрылысшылар шағын әрі қарапайым асханада тамақтанып отырған сәті көрсетіледі. Видео авторы жазбада олардың туған жерінен жырақта, жат елде ауыр еңбек етіп жүргенін атап өткен.

«Олар күн сайын ауыр жұмыспен таңды атырады. Бірақ ешқашан шағымданбайды, артық сөз айтпайды, жай ғана күлімдеп, жұмысына кіріседі. Біреулер ыстық пен желге ренжиді, ал олар үндемей құрылыс жүргізіп жатыр. Оларда бәрі болмауы мүмкін, бірақ күш пен адамгершілік бар. Біздің болашағымыз үшін көлеңкеде еңбек етіп жүргендерге алғыс. Бұл – шағым емес, бұл – көру керек шындық. Сіздерге құрмет!» – деп жазады автор.

Бұл жазба мен бейнежазба желі қолданушыларынан жылы пікірге ие болды. Көпшілік олардың еңбекқорлығын, төзімділігін ерекше атап өтуде.

 

@qaz.china.lrt #lrt #лрт #лртастана #астаналрт #中国 #china #лртказахстан #лртастанаработаем #стройка #китай #kazakhstan #阿斯塔纳 ♬ Boundless Worship - Josué Novais Piano Worship
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий