Астана маңындағы отбасы өлімі: күдікті бұрын есі дұрыс емес деп танылған
1798
Жібек жолы ауылы аумағында болған отбасыны қатыгездікпен өлтіру фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі таңда іс аясында сот-психиатриялық сараптама жүргізілуде. Бұл туралы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Санжар Әділовтің айтуынша, аталған іс бойынша күдікті бұрын басқа қылмыстық іс аясында есі дұрыс емес деп танылған.
"Шынында да, бұрын сотталған адам жауапқа тартылып отыр. Бұған дейін ол есі дұрыс емес деп танылған. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысын күтейік", — деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, сараптама нәтижелері істің әрі қарайғы процессуалдық бағытын анықтайды.
"Егер күдікті есі дұрыс деп танылса, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданады. Ал егер есі дұрыс емес деп танылса, іс мәжбүрлі медициналық шараларды қолдану үшін сотқа жіберіледі", — деп түсіндірді ол.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
09:43
Петропавлда 13 жастағы қызға қиянат жасаған ерл...
06.10.2026
09:42
«Бәрінен айырылдым»: Дана Нұржігіт өмірдегі ең ...
06.10.2026
09:38
Бектенов облыс әкімінің орынбасарын жазалауды т...
06.10.2026
09:12
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
06.10.2026
08:40
Каспийдегі оқу-жаттығуда аман қалған Никита Уда...
06.10.2026
08:15
Астанада автотұрақта тұрған бірнеше көлік түгі ...