«Бәрінен айырылдым»: Дана Нұржігіт өмірдегі ең ауыр күндерін еске алды

06.10.2026 • 09:42 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бәрінен айырылдым»: Дана Нұржігіт өмірдегі ең ауыр күндерін еске алды
679
Фото: видеодан скриншот

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінің ең ауыр, тығырыққа тірелген шақтарында 13 жастағы ұлы ең басты тірегіне айналғанын тебірене еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, ұлы бастапқыда әкесінің болғанын қатты қалағанымен, уақыт өте келе бұл ойынан айныған.

«Бұл өмірде тапқан олжам – ақылды бала, адал дос. Балам сол кезде 13 жаста еді. Басында “Қандай болса да әкемнің болғанын қалаймын” дейтін. Кейін оның да көңілі қалды. Сол кезде екеуміз бір шепке бірігіп, тағдырдың сынына бірге қарсы тұрдық. Балам менің ең бірінші әрі сенімді тірегім болды», – деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Алайда тағдырдың сынағы мұнымен бітпеген. Дана Нұржігіт телефон алаяқтарының арбауына түсіп, бір-ақ сәтте көлігінен де, қомақты қаражатынан да айырылып, далада қалған күндерін жасырмады:

«Бір күнде көліктен де, жинаған барлық ақшамнан да айырылдым. Екеуміз жаяу қалдық. Жүрегім қарс айрылып: “Құдайым-ау, көрсетпеген тағы нең қалды?” деп жалбарындым», – дейді ол.

Дәл осы тығырыққа тірелген сәтте 13 жастағы ұлы ересек адамдарша салмақты ой айтып, анасының еңсесін тіктеуіне себеп болған:

«Мама, мен сіздің көз жасыңызды да, депрессияңызды да көрдім. Бірақ сіздің сынғаныңызды көргім келмейді», – депті ұлы.

Баласының жүрекке жеткен осы сөзі оған қайтадан күш-жігер сыйлап, өзін қолға алғанын айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий