Астанада автотұрақта тұрған бірнеше көлік түгі қалмай жанып кетті (ВИДЕО)

06.10.2026 • 08:15 Әсел МҰРАТ
Астанада автотұрақта тұрған бірнеше көлік түгі қалмай жанып кетті (ВИДЕО)
262
Фото: ашық дереккөз

Астананың Сарайшық ауданында Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта тұрған бес жеңіл автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. 

Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел түрде сөндірді. 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий