Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды

06.10.2026 • 09:12 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
280
Коллаж Politico.kz

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков пен төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі шешім де Үкіметтің тиісті қаулыларымен қабылданған, бұл туралы ресми хабарламалар 5 қазанда жарияланды.

Айдар Әбілдабеков вице-министр қызметін 2025 жылғы тамыздан бері атқарған, оған дейін Сауда комитетін басқарған. Батырбек Әбдішев төтенше жағдайлар вице-министрі болып 2024 жылғы сәуірде тағайындалған.

Олардың қызметтен босатылу себептері айтылмады. Босаған орындарға кім тағайындалатыны және екі шенеуніктің алдағы қызметі туралы әзірге ақпарат жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий