Астана маңындағы отбасы өліміне қатысты тың деректер мәлім болды

Астана маңындағы отбасы өліміне қатысты тың деректер мәлім болды
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан Жібек жолы ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, психикалық ауытқуы бар ер адам өз отбасының төрт мүшесін өлтірген, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаза тапқандар – күдіктінің туған-туыстары: анасы, әкесі, мүгедектігі бар ағасы және 18 жастағы жиені. Кей деректерге сәйкес, күдікті марқұмдардың денесін бөлшектеген.

Полицияның баспасөз қызметі адам өлтіру фактісі бойынша күдіктінің жедел түрде ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу