Астанада апалы-сіңліге шабуылдаған ер адам бір күн бұрын 6 жастағы 2 қызға тиіскен

Астанада апалы-сіңліге шабуылдаған ер адам бір күн бұрын 6 жастағы 2 қызға тиіскен
23.07.2025 11:02
0
434
Фото: freepik.com

Астанада 12 және 2 жастағы апалы-сіңліге шабуыл жасаған ер адам бір күн бұрын 6 жастағы 2 қызға шабуылдаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл маңызды ақпаратты «Не Молчи KZ» қоры мәлімдеп, полицияның жауапсыздығына шағым білдірді. Күдікті 2 құрбыға мысық көрсететінін айтып, балалар алаңынан алып кеткен. 

«Ер адамды кеше кешке босатты. Ал ол ертесі күні қайта басқа балаларға шабуыл жасады. Полиция оны тағы да  босатып жіберді», деп жазды қор. 

Айта кетейік, апалы-сіңлі екі қыз дүкеннен келе жатқанда мас күйдегі ер адам алдынан шыққан. Ол үлкен қыздың мойнынан сүйіп, омырауынан ұстаған. Кішісін де сүйген. Үлкен қыз қарсылық білдірген кезде оны жерге итеріп жіберген. Апалы-сіңлі қашып құтылған. Ал күдіктіні көршілер полиция келгенше ұстап отырған. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адамның апалы-сіңліге тиіскені туралы хабарлаған едік.  

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий